Суббота, 18.05.2024, 20:07
Приветствую Вас Гость | RSS

Елеуов Айдос

Мәзір
Категория
Шығын-чат
200
Біздің сұрақ
Менің сайтыма баға беріңіз
Всего ответов: 12
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Керекті мәліметтер

Главная » Файлы » Біздің файлдар

Қазақ халқының салт дәстүрінің бірі "Беташар"
08.12.2013, 09:55

                                                                      Беташар

Беташар – жаңа түскен келінге айтылатын жыр. Ертеректе жаңа түскен келіннің бетін ешкімге көрсетпей, топ ортасына әкелетін болған. Ауылдың домбыра тартатын өлеңшіл жігіттің бірі суырылып шығып, домбырасын қағып‑қағып жіберіп, келінді қайын жұртымен таныстырады. Жырын төгілтіп, қайын жұртымен түгелдей таныстырып отырған жігіт олардың жақсы жақтарын баса айтып марапаттап, мадақтап, кей жерлерінде әзілдей тисе келе, соңында «бір сәлем» деп қояды. Келін аты аталған адамға иіліп сәлем береді. Міне осындай тамаша дәстүріміз бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді. «Келіннің бетін кім ашса сол ыстық» демекші, ашып отырған жігіт те бар өнерін салуы тиіс. Олай болса біз де «Беташар» жырларының бірнеше түрлерін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

 

                                                      Беташар                              Фариза Оңғарсынова

Ау, ағайын, ағайын!

Домбырамды алайын.

Күмбірлетіп қағайын.

Бүгін біздің ауылға,

Қызығыңдар талайың.

Таудай нұрлы көзі бар,

Қылығына қарасаң,

Өзі шекер, өзі бал.

Жаздай жайлы жаналы,

Қиылған қос қабағы,

Келін елге бақ болар,

Құтты болсын қадамы,

Ал жақындап келіңдер,

Бет ашамын – көріңдер.

Айдай келін баланы!

Ел ардақты сыйлыны,

Көңіліңе түй мұны.

Басқа ауылдың бір гүлін,

Бұл ауылдың сүйді ұлы.

Қызға келін болу хақ,

Бұл да алланың бұйрығы!

Осы ауылдың ағасы,

Асқар таудай панасы,

Елдің алтын жағасы,

Үй болды деп немерем

Жайрандауын қарашы –

Анау тұрған қарт атаң,

Сыйлап жақсы көргейсің,

Иіліп сәлем бергейсің!

Қырау шалған самайын,

Қадір тұтқан ағайын,

Анау әкең өсірген.

Жайсаң ұлдың талайын.

Бағам деп жүр әлі де

Шөберенің талайын –

Әкеңізге бір сәлем!

Елдің даңқын да асырған

Қайын атаң бір асыл жан,

Аярым жоқ ұлдан деп,

Осы тойға шашылған

Қайын атаңа, келінжан,

Иіліп сәлем еткейсің!

Ұл мен ұлдың бейнетін,

Жастайынан көп көрген.

Қайын енеңе сүйкімді

Бола алмасаң көктер ме ең?!

Осы тойды армандап,

Талай түнін өткерген,

Қайын енеңе бір сәлем!

Анау асқар қйнағаң,

Қайнаға да ‑ сыйлы адам.

Сыйлап жүрсең үлкенді,

Аялайды айналаң,

Қайнағаңа бір сәлем!

Келген мынау текті елің,

Келген елді жатырқап,

Уайым‑қайғы шекпегін,

Сыйласар да сырласар

Абысының көп сенің

Келіндікке үйретер,

Солар болар мектебің.

Әр отаудың әріне,

Ағалардың сәніне –

Абысынның бәріне –

Жас келіннен бір сәлем!

Тал шыбықтай бұралған,

Шашын өріп сыланған,

Ат қойды деп жас жеңге

Бәрі бірдей қуанған.

Гүлдей қайын сіңлілер

Өзіңменен бір жүрер,

Бірге ренжіп, бір күлер

Сіңлілерге бір сәлем!

Бұл ауылдың ұлдары,

Жұрт қызығар тұлғалы.

Жеңгемізді көрсек деп,

Көрімдігін берсек деп

Қайныларың тұр бәрі!

Қайныларың – қорғаның,

Қайың‑талды орманың,

Сен де абысын боларсың –

Ойластырғың жол жағың,

Қайныларға бір сәлем!

Ал келінжан, келінжан,

Сүйкімді бол еліңе,

Жарасты бол теңіне!

Келін алтын босаға,

Келін сырлас, дос, ана,

Береке бол, бақыт бол,

Мынау келген жеріңе,

Құшақ ашқан еліңе!

Қадамыңа гүл біткей,

Құттықтаймын сені де!




Категория: Біздің файлдар | Добавил: ADeE
Просмотров: 2981 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Кіру түрі
Іздеу

9a.ucoz.ru